• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Наурыз, 2017

«Түркістан тарихы» музейінде «Алғысымыз шексіз» тақырыбында кездесу өтті

140 рет
көрсетілді

1 наурыз «Алғыс айту күніне» орай  «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының ұйымдастыруымен «Түркістан тарихы» музейінде «Алғысымыз шексіз» тақырыбында кездесу болып өтті. 2016 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде Алғыс айту күні деп жариялап, № 173 жарлыққа қол қойған болатын. Елбасы өз сөзінде  «Мен Алғыс айту күні игі дәстүрге айналып, халқымыздың ең сүйікті мерекелерінің бірі боларына сенемін», – деп атап өткен болатын. Алғыс айту күні болып белгіленуіне орай «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайында өзге ұлт өкілдерімен, ардагерлермен кездесулер дөңгелек үстелдер ұйымдастырылуда. Шараға қаламыздағы «Өзбек мәдени орталығының» өкілдері Әбдірахым Қошқаров, Әбдіхалық Нұржанов және қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Құлбайымбетов пен мүшелері, сонымен қатар музей қызметкерлері қатысты. Кездесу мәдениет үйінің әнші, термешілері Шерхан Әлібек, Майгүл Тұрыскелдиевалар келіп, өз өнерлерімен келген қонақтарды тәнті етті. Өзбек мәдени орталығы директорының орынбасары Ә.Қошқаров «Қазақ халқы қиын-қыстау заманда Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностар басына түскен ауыртпалықты қайыспай бірге көтере білді, қазақ халқына алғысымыз шексіз... » деп сөзін түйіндеді. Жиында сөз алған Ж.Құлбайымбетов Алғыс айту күні – Қазақстан халқын мәңгілікке біріктіруге бағытталған «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының, қазақстандық бірегейліктің негізгі арқауы – еліміздегі барлық ұлт пен ұлысты бір шаңырақ астына топтастыратын Қазақстан халқы Ассамблеясының күнімен барша қазақстандықтарды құттықтады. Шара соңында келген қонақтарға мұражай тарапына сый сияпаттап беріліп, «Түркістан тарихы» музейін тамашалауға мүмкіндік жасады. Экскурсияны қорық-мұражайдың Тарихи ескерткіштерді қорғау және археология бөлімінің меңгерушісі т.ғ.к. М.Қ. Тұяқбай жүргізді.